
2018 жылғы 19 маусымда ҚР Энергетика министрлгінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ , ҚР Венадағы Тұрақты Өкілдігінің және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) өкілдерінің қатысуымен АЭХА Төмен байытылған уран банкісінің макеті БҰҰ Вена бөлімшесіндегі жалпы көпшілік көру мақсатында орнатылды.
Бұған дейін 2017 жылғы 19 қыркүйектегі Венада өткен Қазақстандағы АЭХА Төмен байытылған уран банкісі ғимаратының (ТБУБ) ашылу рәсіміне арналған іс-шара барысында ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев «Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ қолдауымен жасалған ТБУБ макетін салтанатты жағдайда Агенттіктің Бас директоры Ю.Аманоға тапсырған.
Анықтама ретінде:
2017 жылғы 29 тамызда Астанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкісі ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 1957 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 14 ақпанда Агенттіктің 121-ші мүше мемлекеті болды.
