
Осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаудың мақсаты АЭХА қауіпсіздік стандарттарына жауап беретін радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық инфрақұрылымын жасау жөніндегі жетекші нұсқау беруден тұрады.
Онда нақты елдердің талаптарын түгел ескеретін тиісті қауіпсіздік талаптарын тиімді әрі кешенді орындау жөніндегі ұсынымдар бар. Осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқау пайдалануды өзгертпейді, қауіпсіздік негіздері мен қауіпсіздік талаптары және басқа онымен байланысты нұсқаулар бойынша АЭХА қысқаша шолуы немесе жарияланымын алмастыру болып табылмайды. Онда радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық инфрақұрылымын жасауға біртұтас тәсілдеме, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздіктің инфрақұрылым объектілері жоқ мемлекеттер үшін және олар бар мемлекеттер үшін АЭХА қауіпсіздік нормаларын қолдану жөніндегі кеңестері баяндалған.