Энергия өндіруші кәсіпорындарының 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңін өткізуге дайындалуы

Энергия өндіруші кәсіпорындарының 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңін өткізуге дайындалуы

Тұтастай алғанда, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Алдағы күзгі-қысқы маусымда елдің тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің 2018 жылға бекітілген кестесіне сәйкес 8 энергия блогына, 56 энергетикалық қазанға және 45 турбинаға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулер жүргізу көзделген. Ағымдағы жылғы шілденің үшінші жартысында 3 энергия блогында (жылдық көлемнің 38%), 14 қазанда (жылдық көлемнің 25%) және 13 турбинада (жылдық көлемнің 29%) жұмыстар аяқталды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 5 энергия блогында, 28 қазанда және 21 турбинада жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ бүгінгі күні электр желілері бойынша 10 541 км электр тарату желілеріне, бұл жылдық көлемнің 41% құрайды және 2 841 дана РП, ТП, КТП-10/0,4 кВ жабдықтарына, бұл жылдық көлемнің 54% құрайды, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар негізінен Кестеге сәйкес жүргізілуде.

Комитетпен ағымдағы жылғы 18 шілдеде мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен, энергетикалық ұйымдармен 2018-2019 жылдардағы жылу беру мерзіміне дайындық кезінде энергия кәсіпорындарындағы жөндеу жұмыстарының жүру барысы туралы салалық аймақтық жиналыс өткізілді. Жиналыста электр станциялары бойынша жөндеу жұмыстарының бекітілген мерзімдерінен ауытқуының әрбір фактісі қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша облыс, Астана, Алматы, Шымкент ққ. әкімдіктеріне энергетикалық кәсіпорындардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығына бақылауды орнату, тұтынушылардың электр және жылу энергиясы, сонымен қатар жеткізілген отын үшін дебиторлық берешектерді төлеу бойынша шараларды қабылдау ұсынылды.