
2018 жылғы 9-13 шілдеде Өскемен қаласында АЭҚБК ҚР ІІМ Ұлттық Ұланымен бірлесіп «Ғаламдық ядролық қауіпсіздік» АҚШ бағдарламасы шеңберінде «Ядролық объектілерде физикалық қорғаныс және көлік қауіпсіздігі жүйесімен байланысты оқиғаларға ден қою» оқу курсын ұйымдастырды және өткізді. Оқу курсы Үлбі металлургия зауытының базасында өткізілді. Оқу курсына Қазақстанның ядролық объектілерін күзетуге жауапты Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Оқу курсына бақылаушылар ретінде Беларусь ІІМ өкілдері қатысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия және Беларусь Ішкі әскерінің Бас штабы арасында ядролық объектілерді күзету бойынша кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Беларусь делегациясының өкілдері ядролық объектілерді күзету бойынша ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімінің қазақстандық тәжірибесімен танысты.
Оқу курсы барысында көлік қауіпсіздігі, қауіп-қатерді бағалау, тасымалдау кезіндегі физикалық қорғаныс шаралары мен құралдары, ядролық материалдарды тасымалдауға дайындау және оны өткізу тәртібі, көлік қауіпсіздігі элементтері, материалдарды тасымалдау сценарийлері, күзет және ден қою күштерінің рөлі, еріп жүретін топтар конфигурациясының маңыздылығы, қозғалыс тактикасы және күзет күштерінің әрекет етуі, бағдарды жоспарлау, көлік қауіпсіздігінің жоспары мәселелері бойынша негізгі шолу жасалды.
Оқу курсы күнделікті практикалық сабақтарға және техникалық көрсетілімдерге толы болды. Практикалық сабақтарда курска қатысушылар күнделікті процедураларды өткізу кезінде күзет күштерінің өзің өзі ұстауның іс-қимылының түрлі сценарийлерімен танысты. Күзеттің кертартпа іс-әрекеттері, ядролық материалдарды тасымалдауды даярлау және оны өткізу тәртібі бойынша сабақтар, материалдарды тасымалдаудың түрлі сценарийлерімен макетте жаттығулар өткізілді. Техникалық көрсетілімдерде жаяу жүргінші БӨП-де қолжетімділікті бақылау тәртібі, материалдарды тасымалдау кезінде төтенше жағдайларда күзет күштерінің іс-әрекеті, электрондық ату тренажерларын пайдалану арқылы қарауыл және еріп жүретін топтарды тестілеу ұсынылды. Техникалық көрсетілімдердің бірі мобильдік патрульдерге арналған техникалық құралдарға арналды, оны “Евразия Моторс Групп” компаниясы көрсетті. Мобильді техниканың, атап айтқанда, төрт доңғалақты және алты доңғалақты квадрациклдер мен жол талғамайтын көліктің мүмкіндіктері, сондай-ақ қашықтықтағы қолжетімділігі және үлкен аумағы бар ядролық объектілерді тиімді патрульдеу үшін жанармай құю құралдары ұсынылды.
Жалпы алғанда, оқу курсы курс қатысушылары үшін жемісті, әрі пайдалы болды және қатысушыларға ядролық материалдардың физикалық қорғаныс жүйесі, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс оқиғалар мен апаттарға тиімді әрекет ету мәселелерін жіті түсінуге мүмкіндік берді.