
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының орталығында Ішкі істер министрі орынбасары Юрий Ильинның толық басшылығымен «Қоныс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы жойқын табиғи апаттар жағдайында тұрғындарды эвакуациялау жөніндегі іс-қимылдарға басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін дайындау тақырыбы бойынша жаттығуға қатысты.
Жаттығулар екі кезеңде өтті. Жаттығудың бірінші кезеңінде ведомстволар мен азаматтық қорғаныс қызметтері жаттығу сұрақтары бойынша жұмыс жасады, ал екінші кезеңде жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-әрекеттер бойынша жұмыс жасады.