Қазақстан өкілдері Беларусь елінің атом электр станциясын салу тәжірибесімен танысуда

Қазақстан өкілдері Беларусь елінің атом электр станциясын салу тәжірибесімен танысуда

Қазақстан өкілдері АЭХА-ның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша БелАЭС-на іс сапарға барды. Сапардың мақсаты - ұлттық ядролық энергетикалық бағдарламасы және Белоруссиялық АЭС салу жобасын іске асыру тәжірибесін зерттеу.

Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және Энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Атом энергиясы және өнеркәсіп департаменті, «Қазақстандық атомдық электр станциялары» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК қызметкерлері кірді.

Іс сапар қатысушылары 1 тамызда АЭС құрылысы, Белоруссиялық АЭС оқу орталығында кадрларды даярлау, кәсіпорынның ақпараттық жұмысын ұйымдастыру және қоғаммен өзара әрекеттесу барысымен танысты. БелАЭС құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және мамандарымен бірлескен кездесуде Белоруссиялық АЭС жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу жоспарланып отыр.