
2018 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында Ядролық қауіпсіздік кепілдігі құрылымын күшейту бойынша халықаралық бағдарламасы аясында Қазақстанның уран өндіруші кәсіпорындарында Қосымша кіруді өткізу бойынша семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Семинарда уран кен орындары және өңдеу кешендері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (ҚР ЭМ АЭҚБК), АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшілігі, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы 2007 жылы Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келiсiмге қосымша хаттаманы ратификациялады (ҚХ). ҚХ ережелеріне сәйкес АЭХА инспекторлары атом өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында, оның ішінде уран кен орындары және өңдеу кешендерінде жарияланбаған ядролық материалдар мен қызметтің болмауына сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша кіруді жүргізеді.
Аталған семинардың мақсаты Қосымша хаттама және АЭХА-ның жетекші құжаттарына, сонымен қатар АЭҚБК және Қазатомөнеркәсіптің нормативті құжаттары мен рәсімдеріне сәйкес тиімді және нәтижелі қосымша кіруді (ҚК) өткізуге АЭХА инспекторларына жәрдемдесу мәселелерін қарастыру, жетіспеушілігі бар рәсімдерді әзірлеу қажеттілігін анықтау болды.
Семинар уақытында АЭҚБК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, АЭХА және кәсіпорындардың ҚК өткізу уақытындағы рөлдері, қолданыстағы ҚК реттейтін нормативтік құжаттар қарастырылды, ҚК өткізу бойынша нақты рәсімдерді әзірлеу қажеттіліктері талқыланды. Семинар қатысушылары гипотетикалық нысан мысалында ҚК өткізуді рөлдік пысықтау өткізіп, оның барысында осындай нысандарға бару бойынша қолданыстағы рәсімдер жүйеленді, қосымша рәсімдер жобалары әзірленді.