Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беруді бастады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) комиссиясы энергетикалық кәсіпорындардың 2018-2019 жж., күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін берген өтініштеріне және оларға қоса берілген деректердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің    2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарына сәйкестігі бойынша отырыс өткізді.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша келесі ұйымдарға әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданды: «ВК-Энергия» ЖШС филиалы, «Kazakhmys Energy» ЖШС Балхаш ЖЭО және    «Батыс Пауэр» ЖШС.