Комитет Энергетика министрлігінің ведомствосы болып табылады, ол электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Бақылау жоспардан тыс тексерулер және энергетикалық кәсіпорындарды профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау жыл сайын жартыжылдық тізімдерге сәйкес жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша Бақылау субъектісіне электр станциялары мен электр желілерінің негізгі жабдығын пайдалануға және техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюға нұсқама беріледі.
Комитет жыл сайын энергетикалық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына, атап айтқанда энергетикалық жабдықта жөндеу жұмыстарының уақтылы және толық орындалуына бақылау жүргізеді
Сонымен қатар, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Комитет жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын береді.