Меню

Страницы

Статья

Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы Біріккен конвенцияны қарау жөніндегі Уағдаласушы Тараптардың жетінші кеңесі

1997 жылы Қазақстан Республикасы «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияға» қол қойды. Конвенцияны ратификациялау туралы №246-IV Заңға 2010 жылғы 3 ақпанда қол қойылды. Осылайша, Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастық алдында пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзінің ұлттық стратегиясын АЭХА ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар қадамдар жасауға міндеттеме алды.

Әрбір үш жыл сайын Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның уағдаласушы тараптары (бұдан әрі – Уағдаласушы тараптар) пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның ережелерін іске асыру мақсатында жалпыға бірдей қарау және талқылау үшін АЭХА-ға өздерінің ұлттық баяндамаларын ұсынуы қажет.

2022 жылғы 27 маусым мен 8 шілде аралығындағы кезеңде Австрия Республикасының Вена қаласында АЭХА штаб-пәтерінде Уағдаласушы тараптардың жетінші шолу отырысы (бұдан әрі – отырыс) өтті, оған сондай-ақ Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысты.

Осы отырыста Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріктірілген конвенцияның Уағдаласушы тараптарының ұлттық баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілдері Қазақстан Республикасының Уағдаласушы тараптар қабылдаған Төртінші Ұлттық баяндамасын ұсынды.

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы