Дүниежүзілік Экономикалық Форумның
Жаһандық Бәсекеге Қабілеттілік Индексі
Алғашқы рет елдерді бағалау ЖБИ 4.0 жаңа әдіснамасына сәйкес бәсекеге қабілеттіліктің 12 факторына топтастырылған 98 индикатор бойынша жүргізілді. Бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 55 орынға ие болды.
Комитет «Электрлендіру дәрежесі» индикаторларын жақсарту үшін жауапты - 2 орын (Қазақстан Республикасының электр қуатымен 100% қамту, бірінші орында Маврикий Республикасы сол көрсеткіштермен, себептерді анықтау үшін рейтингтегі орын Дүниежүзілік экономикалық форумда түсіндіруді сұрату мақсатында хат жіберілді) және «Электр энергиясын беру және бөлу кезіндегі шығындар» - 19 орын («КЕГОК» АҚ техникалық шығын көрсеткіші бойынша 4,9% бағаланады).
Жаңа әдіснамаға сәйкес қазіргі уақытта Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына іс-шаралар әзірленуде.