Меню

Страницы

Статья

«Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауға қатысты АЭХА-ның ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдары бойынша өңіраралық оқу курсы» бойынша баспасөз релизі

2021 жылғы 12-16 шілде аралығындағы кезеңде  онлайн режимде ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС қызметкерлері ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауға қатысты физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) ұсынымдары бойынша виртуалды оқу курсына қатысты. Курс Cisco Webex бұлтты платформасында өтті. Виртуалды оқу курсына 8 елден (Белоруссия, Қазақстан, Грузия,Украина, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Литва) 23 маман қатысты.

Сабақты Болгария, Қазақстан және Ресей Федерациясының сарапшылары өткізді.

 Виртуалды оқу курсы кезінде ядролық физикалық қауіпсіздіктің базалық компоненттері мен сипаттамалары бойынша шолу берілді, ядролық физикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік режимінің мақсаттары мен негізгі элементтері, құзыретті органның және мемлекеттің жауапкершілігі, ядролық материалдарды тасымалдау кезінде қолданылатын рұқсатсыз алу мен диверсиядан қорғау шараларына қойылатын талаптар қарастырылды. Әр күннің қорытындысы бойынша курс қатысушылары өткен тақырыптар бойынша тест тапсырды.

Оқу курсы қатысушыларға ядролық қондырғыны диверсиядан (диверсиядан) және ядролық материалды рұқсатсыз алудан қорғауды қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау туралы білім алуға мүмкіндік берді.

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы