Меню

Страницы

Статья

«RAILS іздеу және қорғау бағдарламасы (иесіз иондаушы сәулелену көздерін іздеу)» оқу курсы баспасөз релизі

АҚШ  Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің радиологиялық қауіпсіздік офисінің қолдауымен ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (ҚР ЭМ АЭҚБК) 2021 жылғы 21 маусым мен 1 шілде аралығындағы кезеңде Алматы қаласында «RAILS іздеу және қорғау бағдарламасы (иесіз иондаушы сәулелену көздерін іздеу)» атты оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында өткізілді.

Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ҚР ЭМ АЭҚБК  қызметкерлері қатысты.

Оқу курсы теориялық және практикалық сабақтардан тұрды. Теориялық сабақтарды американдық сарапшылар ZOOM – платформасын пайдалану арқылы онлайн режимінде өткізді. Курс қатысушыларына радиациялық қауіпсіздікке, атап айтқанда иесіз көздерді іздеуге байланысты жағдайларға жауап беру міндеттері берілген.

RAILS аббревиатурасы «Шынайы адаптивті интерактивті оқыту жүйесі» (Realistic Adaptive Interactive Learning System) дегенді білдіреді. Бұл жүйе пайдаланушыларды «иесіз» радиоактивті көздерді (мысалы, жоғалған немесе ұрланған, реттеушілік бақылаудан тыс радиоактивті көздер) іздеу мақсатында радиоактивті/ядролық материалдарды анықтау жабдығын (RND) пайдалануға үйрету үшін әзірленген.

Оқу материалын игеру және бақылау тапсырмаларын орындау (радиоактивті көздерді табу, оқшаулау және сәйкестендіру) кезінде бұл курс қатысушыларға радиация негіздерінен RND жабдығы туралы арнайы білімге дейін қажетті ақпаратты алуға, көздерді іздеу және қорғау, буып-түю және тасымалдау тиісті рәсімдерінде, радиоактивті материалдарды тарату құрылғыларында (RDD) және радиоактивті көздерді оқшаулаудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларында түсінігін арттыруға мүмкіндік берді.

 

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы