Меню

Страницы

Статья

«Ішкі қауіпті азайту,алдын - алу және анықтау» оқу курсы бойынша баспасөз релизі

2021 жылғы 14-18маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті АҚШ Қорғаныс Қауіп-қатерді азайту агенттігімен «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» бағдарламасы аясында «Ішкі қауіпті азайту, алдын-алу және анықтау» оқу курсын ұйымдастырды және өткізді.

Оқу курсы «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік оқу орталығында өткізілді.

Оқу курсына Қазақстанның атом саласы ұйымдарының өкілдері қатысты. Оқытуды АҚШ, Ұлыбритания және Эстонияның нұсқаушылары мен сарапшылары онлайн форматта жүргізді.

Курс бағдарламасы шеңберінде қатысушыларға ішкі құқық бұзушының қауіп-қатерін қорғау, алдын алу және азайту, адам ресурстарының өнімділігін жақсарту, қызметкерлердің сенімділігін арттыру бағдарламаларының маңыздылығын түсіну шаралары бойынша мәселелер түсіндірілді. Курс барысында практикадан әртүрлі жағдайлар қарастырылды, қызметкерлердің іс-әрекеттерін талдау және бағалау бойынша практикалық сабақтар өткізілді, әрбір жағдай бойынша салдарлар мен қорытындылар бағаланды.

Оқу курсы қатысушыларға ішкі құқық бұзушының қауіп-қатері, онымен байланысты тәуекелдер, қорғауды арттыру бойынша шаралар қажеттілігі туралы терең түсінік алуға мүмкіндік берді.

 

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы