Меню

Страницы

Статья

«Doing Business»рейтингін жақсарту бойынша іс-шаралар

«Doing Business»рейтингін жақсарту бойынша іс-шаралар

 

Дүниежүзілік банк «Doing Business» рейтингі шеңберінде жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекетті бағалайды. Талдау 10 индикатор бойынша жүргізіледі, оның ішінде жаңа бизнес құруға кететін уақыт пен ақша қаражаты, құрылысқа рұқсат алу, электр энергетикалық инфрақұрылымға қолжетімділік, меншік құқығын тіркеу, кредиттер алу, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүзеге асыру және тағы басқасы бар.

Шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнесті жүргізу жеңілдігі дәрежесін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк Кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесін электрмен жабдықтау жүйесіне қосу және жылжымайтын мүлікті тіркеу индикаторы бойынша бағалайды.

Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен өңірлері арасында «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша Алматы қаласы электрмен жабдықтау жүйесіне қосу индикаторы бойынша көш бастап, бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы болып табылады.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімін оңайлату және      «Doing Business» рейтингін жақсартуды насихаттау мақсатында       Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі –Департамент) құқықтық түсіндіру жұмысы іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және электрмен жабдықтау сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

Алайда, Ақмола облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы           8 қарашадағы №43 «Көкшетау бүгін» газетінде электр желілеріне технологиялық қосылу туралы мақаласы жарияланған.

Алматы облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы 23 қазанда     № 5 хаттама бойынша «Zoom» арқылы электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін және электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша «Электр желілеріне қосылу рәсімі: оңай, тез және кедергісіз. Электрмен жабдықтау сапасы» дөңгелек үстелі өткізілген.

Алматы қаласы бойынша Департаментімен 2020 жылғы 20 қазанда «Zoom» арқылы энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. «Doing Business» рейтингінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторын жақсарту бойынша, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.

Жамбыл облысы бойынша Департаменті 2020 жылғы 23 қазандағы      № 94-95 «Меркі Ақиқат» газетінде мақала жариялаған, сондай-ақ              2020 жылғы 10 қазандағы № 117 «Знамя Труда» газетінде мақала жариялаған.

Шымкент қаласы бойынша Департаментімен 2020 жылғы 27 қазанда «Halyk News» газетінде мақала жариялады.

Батыс - Қазақстан облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы              6 қазандағы «EL-JURT» газетінде «Электр желілеріне қосылу жеңілдеді» атты мақала жариялады.

Қостанай облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы 25 ақпандағы    № 8 «Біздің Торғай», 2020 жылғы 6 ақпандағы № 10 «Наш Костанай» газеттерінде мақалалар орналастырды.

Қызылорда облысы бойынша Департаментімен «Сыр Дидары» газетінде «Электр энергиясын тұтынушылардан жиі қойылатын бес сұрақ» мақаласын жариялады.

Павлодар облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы 16 қазанда «Ирбис» телеарнасында «Тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне қосу рәсімі» тақырыбында жаңалықтар бағдарламасында сұхбаты өткізілген.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен 2020 жылғы           8 қазанда № 41 «Петропавл KZ» газетінде «Тұтынушыға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері бойынша» мақаласын жариялады.

Дата публикации
02 декабря 2020
Дата обновления
02 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы