"Астана күніне" арналған мерекелік іс-шаралар аясында электр энергетикасы саласы қызметкерлері арасында шахматтан "PavEnergyCHESS" бірінші онлайн турнир өткізілді.
Жарыс қашықтық әдісімен chess.com сайтының платформасында үш кезеңде 01.06.2020, 15.06.2020 және 04.07.2020 өткізілді. Турнирдің қорытынды төменде көрсетілген.
Ерлер арасында:
1 орын - Гуде Роман Сергеевич, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
2 орын - Матенов Диас Жулатұлы, «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ
3 орын - Муллаходжаев Мурат Исраилходжаұлы, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС»
Әйелдер арасында:
1 орын - Мухамедкалиева Жанар Саяхатқызы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
2 орын - Сахно Юлия Николаевна, «Қостанай жылыту энергетикалық компаниясы» МКК
3 орын - Кальменова Адема Бапишқызы, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ
Жеке сынақтардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталды.