Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:
- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;
- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Астана қаласы бойынша департамент 2025 жылғы 26 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Алматы қаласы бойынша департамент 2025 жылғы 28 наурызда «atameken.kz» газетіне сұхбат берді.
Шымкент қаласы бойынша департамент 2025 жылғы 20 наурызда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ресми сайтына мақала орналастырды.
Ақмола облысы бойынша департамент 2025 жылғы 27 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Ақтөбе облысы бойынша департамент 2025 жылғы 25 наурызда Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Алматы облысы бойынша департамент 2025 жылғы 28 наурызда Департаменттің ресми сайтына сұхбат берді.
Атырау облысы бойынша департамент 2025 жылғы 13 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 28 наурызда «Flashpress» газетіне сұхбат берді.
Жамбыл облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 31 наурызда «Жамбыл-Жарық» ЖШС ресми сайтына мақала орналастырды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2025 жылғы 31 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Қарағанды облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 3 наурызда «Қарағанды АЭК» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.
Қостанай облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 17 наурызда Рудный қаласы әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.
Қызылорда облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 31 наурызда «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК ресми сайтына сұхбат берді.
Маңғыстау облысы бойынша департамент 2025 жылғы 31 наурызда Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Павлодар облысы бойынша департамент 2025 жылғы 31 наурызда Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент 2025 жылғы 13 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Түркістан облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 26 наурызда «MEDIAON.kz» газетіне сұхбат берді.
Абай облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 27 наурызда «Семей таңы» газетінде мақала жариялады.
Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 19 наурызда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Ұлытау облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 31 наурызда «Қазақмыс» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.