Сапар барысында жөндеу жұмыстарының орындалуына, сондай-ақ алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысына бақылау жүргізілді.
Негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес №5 және №6 қазандық агрегаттарын жөндеу жұмыстары толық аяқталды. №7 қазандық агрегатын күрделі жөндеуді маусым айының соңында аяқтау жоспарлануда. № 3 газ құбыры қондырғысын күрделі жөндеуге конкурс өткізіледі.
Бүгінгі күні Қызылорда ЖЭО-да №1 және 3 күштік трансформаторларды жөндеу жұмыстары аяқталды. Тамыз айында №4 және 5 күштік трансформаторларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.