Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:
- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;
- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Астана қаласы бойынша департамент 2024 жылғы 26 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Алматы қаласы бойынша департамент 2024 жылғы 25 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Шымкент қаласы бойынша департамент 2024 жылғы 22 сәуірде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.
Ақмола облысы бойынша департамент 2024 жылғы 17 сәуірде «Степногорск Энерготранзит» ЖШС ресми сайтына мақала орналастырды.
Ақтөбе облысы бойынша департамент 2024 жылғы 27 сәуірде Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Алматы облысы бойынша департамент 2024 жылғы 24 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 17 сәуірде «Әлеуметтік» газетінде мақала жариялады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2024 жылғы 29 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Жамбыл облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 25 сәуірде «Магнолия» газетінде сұхбат берді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 20 сәуірде Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Қарағанды облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 17 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Қостанай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 26 сәуірде Науырзым ауданы әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.
Қызылорда облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 26 сәуірде Департаменттің ресми сайтына мақала орналастырды.
Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 17 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Павлодар облысы бойынша департамент 2024 жылғы 26 сәуірде Департаменттің ресми сайтына сұхбат берді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 12 сәуірде «Солтүстік жұлдыз» газетіне мақала жариялады.
Түркістан облысы бойынша департамент 2024 жылғы 26 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.
Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 27 сәуірде «Вести Семей» газетінде сұхбат берді.
Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 17 сәуірде «Sarqan» газетінде мақала жариялады.
Ұлытау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 26 сәуірде ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.