Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар - кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2024-2025 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 20 856,687 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 812,655 км, 220кВ ӘЖ– 1543,646 км; 110кВ ӘЖ – 3911,318 км; 35 кВ ӘЖ – 3105,971 км; 6-10кВ ӘЖ – 5855,297 км; 0,4кВ ӘЖ – 5207,041 км; 6-10кВ КЖ – 227,971 км; 0,4кВ КЖ – 131,508 км, сондай-ақ– 422 дана қосалқы станциялар; 4054 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.
2024 жылғы 7 маусымдағы 2701,168 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 13% құрайды, сонымен қатар 168 қосалқы станция, ол жылдық жоспарға 40%-ды құрайды.