Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2024-2025 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 25 346 км электр беру желілерін жөндеу жоспарланған, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 812,655 км, 220кВ ӘЖ– 1543,646 км; 110кВ ӘЖ – 3900,208 км; 35 кВ ӘЖ – 3273,361 км; 6-10кВ ӘЖ – 5921,532 км; 0,4кВ ӘЖ – 4990,606 км; 6-10кВ КЖ – 281,471 км; 0,4кВ КЖ – 133,208 км, сондай-ақ– 423 дана қосалқы станция; 4057 дана –ТП,ҚТС, КҚТС.