Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында:

- техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;

- ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шараларын орындау, тұтынушыларды қосу туралы ақпарат беру және тұтынушылардың электрмен жабдықтау сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Астана қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Алматы қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда газетте сұхбат берді «Atameken.kz».

Шымкент қаласы бойынша департамент 2023 жылғы 14 маусымда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ресми сайтына мақала орналастырды.

Ақмола облысы бойынша департамент 2023 жылғы 25 маусымда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Ақтөбе облысы бойынша департамент 2023 жылғы 10 маусымда Қобда ауданы әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.

Алматы облысы бойынша департамент 2023 жылғы 26 маусымда «Naqty» газетінде сұхбат берді.

Атырау облысы бойынша департамент 2023 жылғы 22 маусымда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 23 маусымда «Flash» газетінде сұхбат берді.

Жамбыл облысы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда «Магнолия» газетінде мақала жариялады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 10 маусымда Жаңақала ауданы әкімдігінің ресми сайтына сұхбат берді.

Қарағанды облысы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда «Қарағанды АЭК» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.

Қостанай облысы бойынша департамент 2023 жылғы 30 маусымда Қамысты ауданы әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.

Қызылорда облысы бойынша департамент 2023 жылғы 20 маусымда «Сыр дидары» газетінде сұхбат берді.

Маңғыстау облысы бойынша департамент 2023 жылғы 13 маусымда Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіне сұхбат берді.

Павлодар облысы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтына мақала орналастырды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 7 маусымда ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңес өткізді.

Түркістан облысы бойынша департамент 2023 жылғы 30 маусымда газетте сұхбат берді «QAZWEEK.kz».

Абай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы 26 маусымда «Семей таңы» газетінде мақала жариялады.

Жетісу облысы бойынша департамент 2023 жылғы 15 маусымда «Жетісу» газетінде сұхбат берді.

Ұлытау облысы бойынша департамент 2023 жылғы 14 маусымда «Жезқазған АЭК» ЖШС ресми сайтына сұхбат берді.

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 мая 2025
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Пайдалы ақпарат
15 мая 2025
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
07 октября 2024
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы