2025 жылғы 11 айдағы технологиялық бұзушылықтарға талдау

2025 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының БЭЖ-де электр энергетикасы және ;ылу энергетикасы салаларында 28405 технологиялық бұзушылық (бұдан әрі – ТБ) орын алды, оның ішінде авариялар – 13, I дәрежелі істен шығулар – 70, II дәрежелі істен шығулар – 28322.

         2024 жылдың ұқсас кезеңінде 28804 ТБ тіркелді, оның ішінде авариялар – 7, І-дәрежелі істен шығу – 124, ІІ-дәрежелі істен шығу – 28673.

         Осылайша, ТБ жалпы саны шамамен бір деңгейде екені байқалады, алайда авариялар саны 6 немесе 85,7% - ға ұлғайды, І дәрежелі істен шығу саны 54 немесе 43,6% - ға азайды.

         Бұл ретте, электр энергетикасы саласындағы бақылау органы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес орын алған аварияларға тергеу жүргізетінін атап өту қажет.

         Мәселен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) ТБ-ға 37 тергеу жүргізді (апаттардың ең көп саны Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарында болған).

         Жүргізілген тергеулер шеңберінде ТБ пайда болу себептері, ТБ пайда болуына ықпал ететін пайдалану кемшіліктері анықталды, сондай-ақ оларды болдырмау бойынша 100-ден астам іс-шаралар (ұйымдастырушылық және техникалық) әзірленді.

         Бұдан басқа, Департаменттермен авариялардың туындауына жол берген ұйымдарға қатысты тиісті шаралар қабылданды – әкімшілік құқық бұзушылық туралы 8 хаттама жасалды.

Дата публикации
31 декабря 2025