2024 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Аумақтық департаменттерімен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен жылу энергетикасы салаларындағы заңнама талаптарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, электр және жылу энергетикасы салаларында 515 жоспардан тыс тексеру, ал атом энергиясын пайдалану саласында 70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Электр энергетикасы мен жылу энергетикасы салаларында жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша 394 нұсқама беріліп, олар бойынша 1832 тармақтың орындалуы тапсырылды.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 21 нұсқама беріліп, 30 тармақты орындау жүктелді.
2024 жылы Департаменттер тарапынан барлығы 373 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде – 198 іс, өзге себептер бойынша – 175 іс.
Әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша негізгі үлес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің келесі баптарына тиесілі 301-бап Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу (71 әкімшілік іс), 305-бап Электр және жылу желілерінің қорғау аймақтарында жұмыстар жүргізу (65 әкімшілік іс), 300-бап Электр қондырғылары ережелерін (ПУЭ), жылу электр станцияларының техникалық пайдалану ережелерін (ПТЭС), техникалық қауіпсіздік ережелерін (ПТБ) бұзу (54 әкімшілік іс), 302-бап – Электр желілерін бүлдіру (51 әкімшілік іс).
2024 жылы жалпы салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы 181 млн 257 мың теңгені құрады, оның 162 млн 176 мың теңгесі өндірілді.
Бекітілген бірлескен бұйрықтарға сәйкес, электр энергетикасы саласында бақылау субъектісіне (нысанына) барумен 81 профилактикалық бақылау жүргізіліп, оның нәтижесінде 79 нұсқама берілді. Орындауға 5008 іс-шара тармағы тапсырылды.
Сонымен қатар, бақылау субъектісіне (нысанына) барусыз 3008 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 893 ұсыным берілді.