Елдің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарының ұсынған есептеріне сәйкес 2024 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінде 6894 технологиялық бұзушылыққа жол берілген, оның ішінде: 3 – авария, 44 – 1-дәрежелі бұзылыстар, 6847 – 2-дәрежелі бұзылыстар.
2024 жылдың 1 тоқсанында 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда авариялар саны өзгерген жоқ, 1-дәрежелі істен шығу саны 3-ке ұлғайды.