Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Сұрақ 1: Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін қайда хабарласуға болады?
Жауап: 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңында «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі хабарлама жолдау тәртібіне ауыстырылды.
Қызметтің нақты түріне немесе әрекетке қатысты рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде, хабарлама жасау тәртібін енгізу кезіне қызметтің осы түріне немесе әрекетке арналған жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жіберген болып есептеледі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
Энергетикалық сараптаманы жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 218 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 4, 5 немесе 6 тармақтарына сәйкес келу қажет. Осы Талаптарға сәйкес келген кезде, ұйымдар Комитетке электрондық үкіметтің elicense.kz веб-порталы арқылы сәйкес санаттағы энергетикалық сараптама жүргізудің басталуы туралы хабарлама жолдауы керек.
«Рұқсаттар және хабарлмалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
Сұрақ 2: Электр зертханаларын аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін қайда хабарласуға болады?
Жауап: 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Электр зертханаларын және энергетикалық сараптама жүргізуді аккредиттеу» функциясы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан алып тасталды. Сонымен қоса «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан алып тасталды (бұдан әрі – Заң).
Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
Электр зертханаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелмеген.
Осыған орай, электр зертханасы жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан және тексеруден өткен тиісті өлшеу құралдары, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобы бар персонал болуы қажет екендігін хабарлаймыз.
Сұрақ 3: Біліміне біліктілік тексеруді мемлекеттік органда кім өту қажет? Ұйым қызметкерлері техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден қайда өтеді?
Жауап: Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда бірінші басшының (басқарма төрағасы, бас директор, директор), оның техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарының; ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар білімін біліктілік тексеруді мемлекеттік органда өтеді.
Егер электр және жылу энергиясын өндіру, беру ұйымның негізгі қызмет түрі болып табылмаса білімін біліктілік тексеруді мемлекеттік органда – энергетикалық бөлім басшысының және оның орынбасарының лауазымын атқаратын адамдар; ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) жауапты басшысы болмаған жағдайда ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты адамы осы Қағидаларға сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 36-тармағына әйкес ұйым қызметкерлері білімді біліктілік тексеруден электр қауіпсіздігі бойынша төртіншіден төмен болмайтын рұқсат тобы бар төрт адамнан кем болмайтын құрамда құрылатын ұйымның Орталық комиссиясында өтеді.
Орталық комиссия төрағасы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органда Білімге біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына сәйкес білімге тексеруден өткен адам тағайындалады.
Ұйымның Орталық комиссиясының құрамына ұйымның техникалық басшылары және ұйымның еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) мамандары кіреді.
Қағидалардың 42-тармағына сәйкес орталық комиссия (Құрылымдық бөлімше комиссиясы) құрылмаған ұйым қызметкерлері білімге біліктілік тексеруден энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптама жүргізуді және (немесе) электр энергетикасы саласында монтаждау-реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың комиссияларында өтеді.