Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Электр желілері мен қондырғыларын бақылау басқармасы туралы Ережесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Электр желілері мен қондырғыларын бақылау басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. 1. Электр желілерін және қондырғыларды бақылау басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

 

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  2. Аталған міндетті іске асыру мақсатында басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

4) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

5) өз құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

6) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

7) энергетикалық жабдықтың, электр желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

8) электр энергиясының сенімділігі мен қауіпсіздігін, берілуін, жабдықталуын және тұтынылуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

9) Мемлекеттік энергетикалық бақылауды:

электржелілік ұйымдардың және тұтынушылардың өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауына;

электр энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, беру, тұтыну;

электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

10) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;

12) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы, заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

14) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

15) Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесін бірнеше бөлікке бөлуге, электр энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына әкеп соққан энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексеру жөніндегі комиссияларға қатысады;

16) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;

17) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын бұзуға жол беруге кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізеді немесе Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;

18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

19) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

20) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;

21) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

22) Басқарманың құзыретіне кіретін ақпараттар мен материалдарды Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;

23) Басқарма құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді;

24) Комитет әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторингті жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);

25) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;

26) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

27) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде:

1) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарынан өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шегінде электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3) Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысу үшін Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін Комитет төрағасының және олардың тікелей басшыларының келісімімен осы тартылатын құрылымдық бөлімшенің функциялары шеңберінде тартуға құқылы.

  1. Басқарма өз құзыреті шегінде міндетті:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшылығының тапсырмалары мен актілерінің жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

4) Құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;;

5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

6) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолдану жөнінде түсініктемелер беру.

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

  3. Басқарма басшысы басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.

  5. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға оның басшысы, ал болмаған жағдайда – оның орнындағы тұлға қол қояды.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Электр желілері мен қондырғыларын бақылау басқармасы туралы Ережесі
Дата публикации
15 мая 2020