Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымын, штаттық санын Министрліктің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
- Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндет: атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Осы міндетті іске асыру мақсатында Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
- «Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияда», «Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенцияда», «Ядролық авария туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияда», «Ядролық авария жағдайындағы немесе радиациялық авария жағдайындағы көмек туралы конвенцияда» анықталған міндеттемелердің орындау бөлігінде халықаралық қатынасты жүзеге асырады;
- рұқсатты бақылауды жүзеге асырады;
- Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес атом энергиясы саласындағы тексерулерді жүргізуді ұйымдастырады және қатысады;
- атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- радиациялық қауіпсіздік, лицензия шартының нормалары мен ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
- тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
- радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады;
- радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;
- келесі қызмет түрлері бойынша атом энергиясын пайдалану саласында лицензияны алуға ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді:
- атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау;
- ядролық материалдармен жұмыс істеу;
- радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;
- иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;
- радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;
- ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау;
- жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
- сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерді келіседі;
- көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану жөніндегі құжаттарға тексеру жүргізу;
- ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;
- ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады;
- құзыреттілігі шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдарын және өзге нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
- радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
- басқарма құзыреті шегінде нормативті құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді (соның ішінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша);
- атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық және радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді,
- атом энергиясын пайдалану саласында құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативті техникалық актілерін әзірлейді және келіседі;
- радиациялық қауіпсіздікке қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
- ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;
- ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
- радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді;
- ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
- ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
- радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;
- ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
- ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
- көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін әзірлейді;
- радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
- пайдаланушы ұйым белгілеген ықтимал радиациялық қауіптілік санатын және радиациялық объектінің қауіпсіздігін келіседі;
- техникалық регламент талаптарына немесе халықаралық талаптарға немесе олардың шығарылған елінде бекітілген талаптарына сәйкес келетін ядролық қондырғылардың конструкциялары, жүйелері және элементтері үшін қолданылатын инженерлік-техникалық нормалар мен қағидалардың тізбесін келіседі;
- қауіпсіздікті талдау жөніндегі алдын ала есепті қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды береді;
- қауіпсіздікті талдау жөніндегі есептің құрамы мен мазмұнын белгілейді;
- ядролық қондырғыларды пайдаланудың технологиялық регламентін келіседі;
- техникалық регламенттердің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбырларды қоса алғанда, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне әсер ететін элементтер жүйелерін тіркеуді, сондай-ақ тіркеуден алуды жүзеге асырады;
- ядролық қондырғыларды пайдалану жобалау құжаттамасын, сондай-ақ ядролық қондырғыларды орналастыру алаңдарын таңдауды негіздейтін материалдарды келіседі;
- ядролық қондырғыны физикалық іске қосу процесінде эксперименттерді жүргізу әдістемесін келіседі;
- ядролық қондырғыны физикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
- ядролық қондырғының әкімшілігі әзірлеген энергетикалық іске қосу бағдарламасын келіседі;
- пайдаланушы ұйым әзірлеген белгіленген нысандағы ядролық қондырғыға паспортты бекітеді;
- бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуларды, атом станциясының қауіпсіздігіне әсер ететін құрамның, конструкцияның және (немесе) сипаттамалары мен жүйелерінің өзгерістерін, сондай-ақ техникалық шешімдермен ресімделген атом станциясының жобасында белгіленген пайдалану шектері мен шарттарының өзгерістерін келіседі;
- арнайы қабылдап алуға тиісті жабдық пен құбырларға конструкторлық құжаттаманы (және оған барлық өзгерістерді) келіседі;
- әзірлеуші кәсіпорын белгілеген жабдыққа паспорттың және өзге де куәліктердің нысанын келіседі;
- қолданыстағы жабдық пен құбырларда пайдаланудың технологиялық регламентінде көзделмеген әртүрлі зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуді келіседі;
- атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;
- жабдықты және құбырларды жұмыс параметрлеріне шығарумен байланысты іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және атом станциясының жүйелерін жұмыс параметрлері кезінде пайдалануға рұқсаттар береді;
- атом станциялары жабдығының белгіленген жұмыс параметрлерін өзгерту туралы техникалық шешімдерді келіседі;
- отынды және атом станциялары белсенді аймағының компоненттерін сынақтан өткізу бағдарламаларын келіседі;
- ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
- ядролық материалдарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
- радиоактивті заттарды және (немесе) радиоактивті қалдықтарды тасымалдаудың арнайы шарттарын келіседі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді.
- өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық және Операциялық жоспарына ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
- құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Басқарма өз құзыреті шегінде:
1) Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және аумақтық органдарынан өзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қажетті құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша (өзгерістер мен толықтырулар) ұсыныстарды енгізуге;
3) Комитет Төрағасының келісімімен Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін және олардың тікелей басшыларын осы тартылатын құрылымдық бөлімше функцияларының шеңберінде Басқарма өткізетін іс-шараларға қатысуға тартуға құқылы.
- Басқарма өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі актілерінің жобаларын және олардың тапсырмаларына жауаптарды сапалы және уақтылы дайындауды, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сұрауларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
4) құжаттардың, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеуді қамтамасыз етуге;
5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді ұйымдастыруға және өткізуге;
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерді пайдалану бойынша түсініктемелер беруге міндетті;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;
8) Министрлік, Комитеттің басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізеді.
- Басқарма қызметін ұйымдастыру
- Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
- Басқармаға Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басшылық етеді.
- Басқарма басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауаптылықта болады.
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы Комитеттің басшылығына Басқарманың құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстарды ұсынады.
- Басқарма атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға оның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.