Энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуы үшін қағидалардан үзінді
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағына сәйкес, энергия беруші ұйымдардан әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу 30 (отыз) қыркүйекті қоса алғанда «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
|
Энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы алу қағидаларына 5-қосымша |
«Энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күн. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық түрінде. |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты; |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, "электрондық үкімет" веб-порталының жұмыс графигі |
Жұмыс графигі: |
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; |
Қағидалардың 8-қосымшаның 3-тармағына сәйкес, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі жөндеуден өткен электр беру желілері мен қосалқы станцияның негізгі жабдықтарының техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы, күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, ағымдағы жылдың жазғы бақылау күндеріне және режимдік схема кезінде өткен жылдың қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;
4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы актілер, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, бар болған жағдайда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);
5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;
6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кабельді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;
7) аварияға қарсы, өртке қарсы өткізілген жаттығулар туралы актілер (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.