Электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, энергия беруші ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Ақмола облысы бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаментіне (Департамент) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес. нысан бойынша электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты және қағаз жеткізгіштегі ажыратулар журналын жолдайды.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, энергия беруші ұйымның электр желілерінен тыс технологиялық бұзушылықтар себебінен тұтынушыларды электрмен жабдықтауды ажырату болған кезде ажырату журналына технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің және/немесе тараптардың теңгерімдік тиесілік шекараларын және пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерінің көшірмелері қоса беріледі.
Осыған орай, өңірдің энергия беруші ұйымдары 2022 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей Департаментке Қағидалардың 2-қосымшасынаа сәйкес, нысан бойынша электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты және ажырату журналына технологиялық бұзушылықты тексеру актілерінің немесе тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актілерінің көшірмелерін қоса беріп, қағаз және электрондық (Excel форматында) энергия беруші ұйымның электр желілерінен тыс технологиялық бұзушылықтар себебінен тұтынушыларды электрмен жабдықтауды ажырату болған кезде жеткізгіштегі ажырату журналын ұсынуы қажет.
Бұдан басқа, Департамент энергия беруші ұйымдардың басшыларына жоғарыда сұратылған ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған немесе дұрыс емес немесе толық ұсынбаған фактілерді анықтаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 172-бабы 3-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайтынын ескертеді.
Ақмола облысы бойынша АЭҚБК АД басшысы Әділжан Укпенов