Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған атом энергиясын пайдалану саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу графигін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 2-20-21-04087 хатына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған атом энергиясын пайдалану саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу графигі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған атом энергиясын пайдалану саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу графигін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жариялауды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін 2021 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жолдауды;

3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған атом энергиясын пайдалану саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу графигінің орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

         4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі                                                                 Н. Ноғаев

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2021 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған атом энергиясын пайдалану саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу графигін бекіту туралы
Дата публикации
06 мая 2021