«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 28, 164-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы»
2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.

  1. Сараптаманы қаржыландыру пайдаланушы ұйымның немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.»;

тақырыбы «1. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі» мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сараптама жүргізуге мыналар:

1) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы;

2) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды жобалау және пайдалану құжаттамасы;

3) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасы;

4) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы жатады.

  1. Сараптама ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ядролық және радиациялық қондырғылардың жүйелерінде, жабдығында, жобалау және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған кезде жүргізіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Аккредиттелген ұйымдар сараптама жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисап әдістемелерін қолданады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы қорытынды беріледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

 

А. Мамин

 

«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
Дата публикации
24 декабря 2020