Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Электр энергетикасы

Комитет Энергетика министрлігінің ведомствосы болып табылады, ол электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Бақылау жоспардан тыс тексерулер және энергетикалық кәсіпорындарды профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау жыл сайын жартыжылдық тізімдерге сәйкес жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша Бақылау субъектісіне электр станциялары мен электр желілерінің негізгі жабдығын пайдалануға және техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюға нұсқама беріледі.

Комитет жыл сайын энергетикалық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына, атап айтқанда энергетикалық жабдықта жөндеу жұмыстарының уақтылы және толық орындалуына бақылау жүргізеді

Сонымен қатар, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Комитет жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын береді.

 

Документы
Нәтижелер
20 августа 2026
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті
«Батыс – АТЭЦ-1» 110 кВ электр беру желісіндегі (ЭБЖ-110 кВ) және «АТЭЦ-3 – АТЭЦ-1» 110 кВ электр беру желісіндегі ЭБЖ-110 кВ
Бұйрық
22 мая 2026
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" РММ-ның Аумақтық департаменттерді мониторингілеу және білімді біліктілік тексеру басқармасы
«Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен бұйрық жобасы
Шешім
18 марта 2026
"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" РММ-ның Персоналмен жұмыс басқармасы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 18 наурыздағы қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ
Новости
Полезные материалы
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға конкурс нәтижесі
Медиагалерея
1
Энергиякәсіпорындарының әзірлік паспортын алу үшін өтініш беру тәртібі
1
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Ернар Мұхтарұлы Хасеновтың Сарыарқа телеарнасына берген сұхбаты
События
01 июня
Электр энергетикасы саласының қызметкерлері арасындағы «PavEnergyCHESS-2020» 1-ші шахмат онлайн блицтурнирі
11 мая
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы әзірленген НҚА жобалары
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті
"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" РММ-ның Электр желілері және қондырғыларын бақылау басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Егер электр беру желілерінде сым (кабель) ұшқындаса немесе бағаннан сым үзілген болса, кімге хабарласуға болады?

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті.

Егер сіз желілердің иесін білсеңіз, оған хабарласыңыз. Егер сізде мұндай ақпарат болмаса, энергия беруші ұйымның диспетчерлік қызметіне, құтқару қызметіне, полицияға немесе сіздің аймағыңыздың жергілікті атқарушы органына жүгіну қажет, сондай-ақ сіз тұратын аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Барлық сигналдар тіркеледі, бақылауға қойылады және өңделеді, әкімдіктің ресми сайтына жіберіледі және бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы кері жауап алуға болады.

Өтіп бара жатқан адамдарға қауіп туралы ескертіңіз және мүмкіндігінше тиісті қызмет келгенге дейін зақымдану орнын күзетуді ұйымдастырыңыз.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.

Демек, аталған факті бойынша Сіз ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіне аласыз.

 

Сапасыз электр энергиясын жеткізу нәтижесінде тұрмыстық электр техникасы зақымдалған болса, қайда жүгінуге болады?

Қазақстан Республикасының МЕМСТ 13109-97 мемлекетаралық стандартында белгіленген нормаларға сәйкес электр энергиясын қабылдағыштардың шықпаларындағы кернеулер электр желісінің номиналды кернеуінен тиісінше ±5 және ±10% (номиналды кернеу кезінде 6; 12; 27; 40; 60; 110; 220 В (бір фазалы) және 40; 60; 220; 380; 660 в (үш фазалы).

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 486–бабының 1- және 2-тармақтарына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс. Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергияның сапасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда, егер заң актiлерiнде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы Кодекстiң 491-бабында көзделген ережелер қолданылады.

Кодекстің 491-бабы, 1-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағы, 2)-тармақшасына сәйкес электр және жылу энергиясын тұтынушылардың жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар.

Осыған байланысты, жасалған электрмен жабдықтау шарттарына сәйкес сапасыз электр энергиясын жеткізу нәтижесінде туындаған материалдық залалды өтеу мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешу қажет.

Көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінде жарық болмаған жағдайда кімге жүгінуге болады?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 75-тармағына сәйкес көп қабатты құрылыстарда (қосу-тарату құрылғысы, кіреберісті, ауланы, нөмірлі шамдарды, жертөле және шатырларды жарықтандыруға арналған электр өткізгіші) жалпыүйлік мұқтаждықтағы электр қондырғыларының техникалық жағдайы, пайдалануы, техникалық қауіпсіздігі үшін кондоминиумнің объектісін басқару органдарына немесе ететін тұтынушылардың уәкілетті тұлғаларына немесе тұрғын үйге иелік ұйымға жүктеледі.

Жалпыүйлік КЕҚ сақтау және бүтіндігі үшін кондоминиум объектісін басқару органына немесе тұтынушының уәкілетті тұлғасына жүктеледі.

Жалпыүйлік мұқтаждыққа пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылған есепке алу құралымен анықталады. Қосалқы тұтынушылар жалпы үйлік мұқтаждық есепке алу құралынан қосылған жағдайда, қосалқы тұтынушылар тұтынуының жиынтық көлемі жалпы сомадан алынады.

Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінде жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша сіздің үйіңіздің ПИК-іне өтініш білдіруіңіз қажет.

 

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы