
Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасында бас маман лауазымынан бастаған. 2018–2022 жылдар аралығында басқарманың бас маманы, сыртқы жарықтандыру және дебиторлық берешек бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде қызмет атқаруда.
2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының бас сарапшысы.
2024-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының басшысы.