
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «техника және технология» мамандығы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітірген.
2016–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шымкент қаласы Әділет департаментінің инспекторы, бас маманы;
2020–2023 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кадр қызметі департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2023 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көрсету бөлімінің басшысы;
2023–2026 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы;
2026 жылғы 27 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің заң қызметі басқармасының басшысы.