
1983 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы, «Қайнар» академиясын «құқықтану: құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті радиожелі бөлімінің маманы болып бастаған.
2008–2010 — «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің сайттарды жалға беру секторының, радиожелі бөлімінің қолданыстағы шарттарымен жұмыс жөніндегі топ маманы.
2010–2013 — «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің сайттарды жалға беру секторының, радиожелі бөлімінің қолданыстағы шарттарымен жұмыс жөніндегі топтың аға маманы.
2013–2014 — «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің антенна-діңгек құрылыстарын жалдау және салу жөніндегі тобының, сайттарды жалға беру секторының, радиожелі бөлімінің басшысы.
2014 — «РТС Деко» АҚ техникалық директоры, Алматы қ.
2016 — «OzSistem Kazakhstan» ЖШС техникалық директоры, Алматы қ.
2017–2018 — «Lepsy Agro» ЖШС директоры, Сарқан қ.
2018–2019 — Сарқан ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры.
2018–2019 — Сарқан политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
2019–2021 — Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы филиалы Алмалы ауданының директоры.
2021–2023 — «ANI express» ЖШС директоры, Астана қ.
2021–2022 — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалының «Астана–Щучинск» ақылы учаскесінің талдаушысы, Астана қ.
2023–2024 — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының м.а.
2024 жылғы қазаннан бастап — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.