
1990 жылы дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.
2010–2014 жж. – жеке ұйымдарда жұмыс істеді.
2014–2017 жж. – Қостанай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия үнемдеу және перспективті дамыту бөлімінің бас маманы.
2017 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергия үнемдеу және перспективті дамыту бөлімінің басшысы.
2017–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінде бас маман және бөлім басшысы.
2020–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2022–2024 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2024 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.