GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
14 октября 2026
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 200-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Тұрғындар жер және тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және абаттандыру мәселелерін көтерді. Қала тұрғындары жеке өтініштермен қатар мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын да білдірді. Атап айтқанда, халықаралық музыка мектебін ашу, су саласына жаңа технологияларды енгізу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, қалалық ахуалды бақылауға арналған мобильді қосымша әзірлеу және бұқаралық спорт саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері сөз болды. Күні бойы қала әкімі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 200-ден астам азаматты қабылдады. Әр өтініш мұқият қаралып, тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер мен тиісті ұсынымдар берілді. Қабылдау қорытындысы бойынша нақты шаралар мен оларды орындау мерзімдері белгіленді. Жауапты тұлғаларға өтініш иелерімен тұрақты байланыста болып, қабылданған шаралардың нәтижесі туралы уақтылы хабарлап отыру тапсырылды.

02 октября 2026
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, олардың өтініштері мен көтерген мәселелері тыңдалды. Қабылдау барысында әрбір мәселе жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Азаматтардың өтініштерін ашық әрі сапалы қарау, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

30 сентября 2026
Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы 30 қыркүйекте өтеді.

Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы
30 қыркүйекте өтеді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың 30 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.


Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 30 сентября
По поручению акима города, 30 сентября 2026 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист».
Акция начнется в 16.00 в городе Шымкент, в парке «Арбат» (улица Бейбитшилик, 4-6).
Цель акции – повышение правовой грамотности населения и ОКАЗАНИЕ БЕСПЛАТНОЙ ЮРИДИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ.
Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – представители местного исполнительного органа, территориальных и правоохранительных органов, прокуроры, следователи, судебные исполнители, адвокаты, нотариусы и другие.

24 сентября 2026
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Исламов әріптестерімен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар жер учаскелеріне қатысты түрлі мәселелерін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Қабылдау барысында бірқатар өтінішке сол жерде тиісті түсініктемелер беріліп, кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауға алынды. Азаматтардың өтініштерін қарау және көтерілген мәселелердің шешімін табуына ықпал ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді.

07 сентября 2026
АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылына балама ретінде Таскен тұрғын алабындағы Ақсүмбе көшесін созу құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда көшенің жалғасына қажет жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу процесі жалғасып жатыр.

Аталған жобаны іске асыру үшін жол құрылысына түсетін 33 жер учаскесі және өзге де жылжымайтын мүлік нысандары анықталды. Бүгінгі таңда 12 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Қалған 21 жер учаскесі мен үйлер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалаушы компания тарапынан толық бағаланып, меншік иелерімен келіссөз жүргізілуде.

Меншік иелері ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіскен жағдайда, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу жұмысын Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы Заңнамаға сәйкес жүргізеді.

 

02 сентября 2026
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін жер қатынастары басқармасының басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың жер қатынастары саласына қатысты өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер жан-жақты қаралды. Әрбір сұрақ бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу жолдары түсіндірілді.

Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жауапты мамандардың бақылауына алынып, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

02 сентября 2026
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ТІЛ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ !

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, ТІЛ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ ! 

Ана тіліміз – ата-бабадан аманат болып жеткен ұлы мұра, ұлттың рухы мен болмысының айнасы.

Мемлекеттік тілді қолдау – тек сөзбен емес, күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлеп, жазып, оқып, оны құрметтеуден басталады.

Тілімізді бірге дәріптейік, мәртебесін бірге арттырайық!
Қазақ тілін үйренейік, қолдайық, кейінгі ұрпаққа жеткізейік.

Тілге құрмет – елге құрмет.
Тілді қолдау – ұлтты қолдау.
Қазақ тілі – біздің ортақ қазынамыз, ортақ болашағымыз!

🌿 Тілімізді сақтайық, сөйлейік, дамытайық!
🤝 Тіл арқылы бірлігімізді нығайтайық!
Қазақ тілі – менің тілім, менің елімнің тілі!

#ТілгеҚұрмет #ҚазақТілі #МемлекеттікТіл #ТілДамуы #ТілМәртебесі #ТілімМеніңТірегім

26 августа 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 28 тамызда өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 28 тамызда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

 

12 августа 2026
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен тұрғындардың мәселелерін тікелей тыңдауға бағытталған бірыңғай жеке қабылдау өтті.

Тұрғындармен ашық диалог – басты назарда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен тұрғындардың мәселелерін тікелей тыңдауға бағытталған бірыңғай жеке қабылдау өтті.

Қабылдау барысында жерге қатысты бірқатар мәселелер қаралып, әрбір тұрғынның өтініші жеке зерделенді. Қолданыстағы заңнама аясында мәселелерді шешу жолдары түсіндіріліп, тиісті жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Тұрғындардың өтініштерін тек тыңдап қана қоймай, олардың нақты шешімін табу – басты міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, көтерілген мәселелердің орындалу барысы тұрақты бақылауда болады.

29 июля 2026
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Брифингте Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыстарының қорытындылары таныстырылды. Басқарма тарапынан жер ресурстарын тиімді басқару, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 мың гектардан асады. Қала аумағындағы тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өзге де мақсаттағы жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы