БАСҚАРМА МАМАНДАРЫ ТИІСТІ НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БАСҚАРМА МАМАНДАРЫ ТИІСТІ НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ ұйымы мүшелері «Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің марапаттарына ұсынылып, тиісті наградалармен марапатталды.

  1. Басқарманың құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н. Зайров мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы нәтижелі еңбек етіп, қоғамға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды;
  2.  Жер қатынастарын реттеу мен аукцион бөлімі бас маманы Ш. Дүйсебаев және Жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару бөлімінің бас маманы Н. Садуақас мемлекеттік қызмет көрсету саласында үздік нәтижелерге қол жеткізгендері үшін «Үздік қызметкер» медалімен марапатталды.