ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа төраға Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов жетекшілік етті. Жиынға кеңес мүшелері, тиісті мемлекеттік орган басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес басқарма басшыларының есептері, сондай-ақ Жер қатынастары басқармасының атқарылған жұмыстары жөніндегі басқарма басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламовтың баяндамасы тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарады. Салалық басқармалардың есептері алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауға және тұрғындардың мүддесіне сай шешімдер қабылдауға негіз болмақ.