
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен бірыңғай қабылдау күні өтті. Қабылдау қала әкімдігі ғимаратында ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.
Кездесу барысында жер қатынастары басқармасы және тиісті сала мамандарымен бірге әрбір азаматтың мәселесіне нақты түсініктеме берілді.