
2023 жылдың 12 маусымында Алматыда Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жұмыстары басталды. Көмек жинауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты волонтерлердің фронт-офисі жүргізді. Штаб жұмысына Қазақстан Еріктілер Лигасы, QAMQOR CHARITY, Teplo, lider.kz және т.б. қоғамдық қорлары сияқты ірі волонтерлік ұйымдардың волонтерлері тартылды.
2023 жылдың 12-15 маусымы аралығында еріктілер 5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, оның ішінде ең қажетті өнімдер (жарма, макарон өнімдері, өсімдік майы, балалар тағамы, дайын кеспе, қант, шай, печенье), су, респираторлық маскалар, медициналық маскалар, көрпелер, ұйықтайтын қаптар, жаялықтар, дымқыл майлықтар және жеке гигиена құралдары (сабын, балалар жаялықтары, тіс пастасы, тіс щеткалары, қағаз сүлгілер, сусабын, дымқыл майлықтар, әйелдер гигиенасы, құрғақ майлықтар, ұнтақ, ұстара), бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ, термостар, шамдар, қуат банктері және т.б.
Гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Абай ауданына тасымалдау отандық FlyArystan әуе компаниясы арқылы жөнелтілді. Гуманитарлық көмектің екінші легін жерүсті көлігімен жөнелту жоспарлануда.