
19 желтоқсан шығармашыл жастар арасында JAS GALA шаралар кешені аясында жас мобилографтар «MOVIE MAKING» байқауының марапаттау кезеңі өтеді.
Бұл шараға құрметті қонақтар, танымал жұлдыздар мен кәсіби видеографтар қатысады.
Жобада «yqylasmedia» продакшынының негізін қалаушы, танымал видеограф Ықылас Тұрсынбек, FPV-дронының кәсіби түсірушісі, видеограф Данияр Окасов, қазақ жерінің әсем табиғаты мен көрікті жерлерін әлемге паш етіп жүрген Әділет Рахметтола өздерінің шеберлік сағаттарын өткізеді
Байқау жеңімпаздарына 1 000 000 теңге көлемінде бағалы сыйлықтар беріледі.
Жас мобилографтар байқауы Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «JAS GALA» жобасы аясында өткізілуде.
Аталмыш шара 19 желтоқсан күні сағат 16:00-де Нұркент шағын ауданы, 5/11 Alatau Creative Hub-та өтеді.
Байланыс нөмірі: +707 250 0301 Дидар