Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының
қызметі туралы 2025 жылдың 9 айы бойынша есебі
Ағымдағы жағдайдың талдауы
Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас азамат тұрады (қаланың жалпы халқының 32%-ын құрайды). Аудан бөлінісінде: Алмалы ауданы – 83 мың, Алатау ауданы – 122,6 мың, Әуезов ауданы – 106,3 мың, Бостандық ауданы – 117 мың, Жетісу ауданы – 59 мың, Медеу ауданы – 71,9 мың, Наурызбай ауданы – 72 мың, Түрксіб ауданы – 80,4 мың. Олардың ішінде: 442,3 мың – жұмыс істейтін жастар.
Қалада 35 жоғары оқу орны бар, онда 211 мың студент білім алуда, олардың 110 мыңы – басқа өңірлерден келген жастар.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап NEET-жастар үлесінің төмендеуі байқалады: 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 6,4% немесе 42,2 мың адам болса, 2025 жылдың ІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 0,6%-ға төмендеп, 5,8%-ды немесе 39,3 мың адамды құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% болды. Ал 2025 жылдың ІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 4,1%-ды құрады.
Аталған оң динамикаға Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар әсер етті.
Жастарды оқыту және жұмыспен қамту
2025 жылы жастардың даму мен өзін-өзі іске асыруы үшін тең мүмкіндіктер жасау бағытындағы жұмыс жалғасын тапты.
«Jasalmaty.kz» ақпараттық порталы жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Jobfair365» және оқытуға бағытталған «SkillBridge» сервистері арқылы 25 мыңнан астам бірегей пайдаланушыны тартты. Портал іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның 20 өңірінен 3 мыңнан астам жұмыс беруші тіркеліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. Нәтижесінде 1,8 мың жас жұмыспен қамтылды.
Қалалық карьера орталығы жұмыс істеуде. Бұған дейін карьера орталықтары әрбір оқу орнында жеке орналасқан болатын. Қазіргі таңда олар жұмыс берушілермен, Еңбек мобильділігі орталығымен және басқа да құрылымдармен бір алаңда біріктірілген, бұл ақпарат алмасуды жеделдетіп, бірлескен іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік беріп отыр.
Орталық іске қосылғалы бері оған 5 мыңнан астам жас жүгінді (оның ішінде 4 мың жас жұмыспен қамтуға жәрдем алды).
Актуалды мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар арқылы оқыту жалғасты. «Бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай қысқа мерзімді оқыту орталығын құру механизмі бюрократиялық рәсімдерден өтуді жеңілдетті. Бұл тәсіл жастарды жұмыспен қамту үлесін арттыруға мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері 7,2 мыңнан астам жас оқытылды.
Сонымен қатар, ірі жұмыс берушілер мен Алматы қаласының ЖОО-ларын тартумен 8 Мансап күні өткізілді. Бұл шаралар нәтижесінде 1,7 мың жас жұмысқа орналасты.
«Жасыл ел» ұлттық жобасы аясында жазғы кезеңде уақытша жұмысқа 2,1 мың жас тартылды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Еңбек мобильділігі орталығы арқылы барлығы 8,4 мың жас жұмыспен қамтылды, оның ішінде: 4,9 мың – тұрақты жұмыс орындарына, 3,5 мың – субсидияланатын жұмыс орындарына.
Осылайша, 2025 жылдың 9 айында барлығы 18,2 мың жас жұмыспен қамтылды, оның ішінде: 12,6 мың – тұрақты жұмысқа,
5,6 мың – уақытша жұмысқа орналасты.
Жастармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту
Жастардың әлеуетін толық іске асыру және мақсатты қолдау көрсету мақсатында 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді.
Комьюнити-орталықтарда жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі, жұмыспен қамту, кәсіби бағдар және кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар, жастардың идеяларын жеделдетуге арналған коворкинг аймағы қарастырылған.
2025 жылы орталықтарда жалпы 280 мыңнан астам жасты қамтыған 1,6 мыңнан аса іс-шара (дәрістер, семинарлар, экологиялық акциялар, интеллектуалдық ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, мастер-класстар, үстел ойындары мен спорттық турнирлер) өткізілді. 6,2 мыңнан астам жас кеңес алды.
Жыл соңына дейін тағы 2 комьюнити-орталықты іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 20-дан 15 Бос уақытты тиімді өткізу орталығы жаңғыртылды.
«НаркоСтоп» жобасы аясында 4 мамандандырылған орталық жұмыс істейді.
Бұл жоба 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Жоспар 7 негізгі бөлім мен 76 іс-шараны қамтиды.
3 мыңнан астам қала волонтері жобаның жұмысына тартылған.
2025 жылдың басынан бастап 175-тен астам іс-шара өткізілді.
12 мыңнан астам трафарет пен граффити (есірткі құралдарын жарнамалайтын сайттардың сілтемелері бар) тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттардың қабырғаларынан жойылды.
35-тен астам профилактикалық бейнеролик әзірленіп, олар қоғамдық көліктерде, әлеуметтік желілерде және қаланың LED-экрандарында көрсетілді.
2024 жылы «Киберволонтерлік» жаңа бағыты енгізілді. Бұл бағытта волонтерлер тыйым салынған заттарды жарнамалайтын және сататын сайттарды анықтап, сілтемелерді құзыретті органдарға бұғаттау үшін жолдайды.
Киберволонтерлердің көмегімен 197 сайт пен әлеуметтік желі аккаунттары бұғатталып, жобаның жедел желісіне келіп түскен есірткі зертханалары, онлайн дүкендер мен үгіттеушілер туралы хабарламалар құқық қорғау органдарына жолданды.
Белсенді жастар қаласы
Жастарды әлеуметтендіру және социомәдени бағдарламаларға тарту мақсатында жыл сайын 1 000-нан астам мәдени, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізіледі.
2025 жылы негізгі назар сәтті бастамаларды кеңейтуге және жаңа жобаларды іске қосуға бағытталды. Қазіргі уақытта бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде: спорттық турнир «ALMA CUP», шығармашылық фестиваль «Jas Gala – 2025», зияткерлік жоба «IQ-ALA jastary», NEET санатындағы жастарды қолдауға арналған «DÚISENBILIK SPORT-2025» бағдарламасы, жастардың мәдени деңгейін арттыруға бағытталған «BookVibe» жобасы және жазғы «JAS CAMP» жастар лагері бар.
2025 жылы жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа бастамалар іске қосылды. Олардың қатарында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы, «Алматы жастарының әлеуметтенуіне әсер ететін заманауи трендтер мен аспектілер» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеу, жастардың инклюзивті дамуына бағытталған «Әрқайсысы маңызды» іс-шаралар кешені, «Саналы ата-ана мектебі» жобасы, онда жастар қоғамдық қауіпсіздік негіздері мен төтенше жағдайларға ден қою дағдыларын меңгереді.
Жұмысшы мамандықтарды және отандық өнерді танымал етуге бағытталған жобалар ерекше орын алады.
«One day Life» бастамасы аясында қысқаметражды фильмдер топтамасы түсірілді, ал «Ашық аспан астындағы кино» әлеуметтік жобасы отандық фильмдерді тамашалау мен талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Жастар субмәдениеттерін қолдау «Субмәдениет – бірліктің құралы» жобасы арқылы жаңа деңгейге көтерілуде.
Сонымен қатар, шетел тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік беретін табысты «Тілдер паркі» бағдарламасы жалғасын табуда.
Волонтерлік қызмет
Алматы қаласында қалалық волонтерлер фронт-офисі жұмыс істейді, ол қаладағы 30 ірі ұйыммен өзара әрекеттесіп, жалпы саны
50 мыңнан астам адамды біріктіреді.
2025 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласының волонтерлер фронт-офисі өз жұмысын жалғастырды. Жыл басында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, волонтерлік ұйымдардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бұл тыңдауларда қалалық волонтерлік қозғалысты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Жыл басынан бері волонтерлер 50-ден астам акцияны жүзеге асырды. Осы акциялар барысында күшейтілген режимде жұмыс істейтін коммуналдық қызметтердің қызметкерлеріне ыстық шай мен жеңіл тағамдар жеткізілді.
Жылдың басты оқиғаларының бірі ретінде Алматы қаласының волонтерлер форумы өткізіледі. Бұл форум волонтерлерді, белсенділерді, қоғамдық бірлестіктер мен волонтерлік ұйымдардың өкілдерін біріктіреді.
Жастарды жатақханалармен және жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету
Жатақханалар салу жұмыстарының тиімді үйлесімділігі үшін қала әкімдігі мен ҚР ҒЖБМ-мен бірлесіп Жобалық офис құрылды.
Соңғы 2 жылда жалпы 8 273 орындық 30 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде:
2023 жылы 3 969 орындық 14 нысан,
2024 жылы 4 304 орындық 16 нысан,
2025 жылдың басынан бері 1 115 орындық 6 жатақхана іске қосылды.
Жатақханаларға деген қажеттілік 32,7 мың орыннан 8 мың орынға дейін азайды.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ЖОО жатақханаларын қайта жаңарту кезінде мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды:
1 орынға шаққандағы көлем 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін көтерілді (жылдық көрсеткіш бойынша, жаңа пайдалануға беріліп жатқан жатақханалар үшін).
«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспектива» бойынша Дорожная карта аясында ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 5 нысан, 4 934 орындық пайдалануға беріледі.