Австриялық холдинг Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда

Австриялық холдинг Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда

Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Kronospan Holding коммерциялық директоры Томаш Яньчакпен кездесті. Тараптар компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

1897 жылы Австрияда негізі қаланған Kronospan - ағаштан жасалған панельдер шығаратын әлемдегі ең ірі холдингтердің бірі. Компанияның өндірістік нысандары әлемнің 21 елінде орналасқан, қызметкерлердің жалпы саны 11 000 адамнан асады. Бүгінгі таңда компаниялар тобы МДФ тақталарын, ДСП және ламинатталған едендерді өндіруде әлемде жетекші орынға ие.

Томаш Яньчак «Kronospan» компаниясының Алматы облысында және Шымкентте жеке индустриялық аймақ аумағында өңдеуші кәсіпорындарды салу жобаларын жүзеге асырып жатқанын, сонымен қатар компанияның көршілес елдерге өнім экспорттау үшін Ақтауда логистикалық хаб ашуға мүдделі екенін хабарлады.

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстанға инвестициялаудың артықшылықтары, елдің қолайлы іскерлік ахуалы, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ инвестициялық келісімшарт жасасу және мемлекеттік органдармен қажетті келіссөздерді ұйымдастыру мүмкіндігін қоса алғанда, компанияның Қазақстандағы жобаларына толық қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

https://invest.gov.kz/kz/media-center/press-releases/avstriyskiy-kholding-realizuet-investitsionnye-proekty-v-kazakhstane/