Меню

Страницы

Статья

Инвестиция комитетінің қызметі

Инвестиция комитетінің 2025 жылы атқарған қызметі 2029 жылға дейін 150 млрд АҚШ долларын инвестиция тартуды көздейтін Президенттің сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыруға бағытталды. Осы мақсатқа жету үшін стратегиялық жоспарлауға, нысаналы қолдау көрсетуге және жобаларды сүйемелдеу тиімділігін арттыруға бағдарланған жаңа инвестициялық саясат моделі қалыптастырылды.

Есептік жылы «инвестицияларға тапсырыс» қағидаты енгізіліп, декларативті тәсілден салалық қажеттіліктерді жүйелі қалыптастыру үдерісіне көшу қамтамасыз етілді. Өңірлер тереңдетілген талдау негізінде тоқсан сайын инвестициялық ұсыныстар әзірлеуге міндеттелді, жұмысқа жетекші консалтингтік компаниялар тартылды, ал өңірлік инвестициялық штабтарға тапсырыстарды бекіту және инвесторларды тарту барысына бақылау жүргізу өкілеттігі берілді.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктері күшейтілді: Инвестициялық штаб проактивті режимде жұмыс істеп, туындаған мәселелерді жедел шешеді, Бас прокуратураға штаб шешімдерінің орындалуын мониторингтеу өкілеттігі берілді, сондай-ақ Ұлттық инвестициялық қызмет орталығының функциялары кеңейтілді. Ірі жобалар Үкімет Аппаратының қолмен басқару режіміне ауыстырылып, бұл келісу рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік берді. Кедергілерді жүйелеу мақсатында инвесторлардың 314 өтініші мен шағымын қамтитын проблемалық мәселелердің Бірыңғай тізілімі жасалды. Негізгі жүйелік тосқауылдардың қатарына инфрақұрылымдық шектеулер, жер мәселелері, тарифтік реттеу, әкімшілік рәсімдер, қаржыландыруға қолжетімділік және құқықтық даулар кіретіні анықталды.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) едәуір дамыды. Жалпыұлттық пулға құны 73 трлн теңгені құрайтын 1113 жоба енгізілді, «Инвестиция тарту» және «Постинвестициялық мониторинг» жаңа модульдері әзірленуде. Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері жүйеге 55 елдің 844 кездесуі мен 775 компаниясы туралы деректерді енгізді. Платформа инвестициялық қызметтің толық циклін цифрландырудың негізгі құралына айналды. Параллель түрде инвесторларды қорғау тетіктері кеңейтілді: «прокурорлық сүзгі» өңірлік жобаларға да таратылды, ірі инвесторларға қатысты қызмет көрсетуді кезектен тыс жүргізуді және қызмет көрсету мерзімін 30%-ға қысқартуды көздейтін «жасыл дәліз» енгізілді.

Халықаралық деңгейде инвестицияларды қорғау жөніндегі шарттық-құқықтық база кеңейтілуді жалғастырды. Қытай, Индонезия, Канада және Оман серіктестерімен келіссөздердің сегіз раунды өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификацияланды. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 2 маусымдағы № 192-VIII ҚРЗ Заңы.

Түрікменстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификацияланды (Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 1 қазандағы Заңы).

«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 434 қаулысы мақұлданды.

2025 жылғы 18 наурызда Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.

2025 жылғы 21–22 тамызда Индонезиямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер рәсімі аяқталды. Тараптар құжатты әрі қарай қол қою үшін ішкі мемлекетшілік рәсімдерді бастады.

2026 жылы Қазақстанды халықаралық бизнес үшін тартымды юрисдикция ретінде ілгерілету және инвестициялық белсенділікті одан әрі күшейтуге бағытталған кешенді міндеттерді іске асыруға Сыртқы істер министрлігі ерекше назар аударуы тиіс. Негізгі міндеттердің бірі – Инвестициялар комитеті мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ алдын ала іріктеген 37 болашағы бар бағыттар негізінде әзірленген «пакеттік» инвестициялық ұсыныстардың бекітілген тізбесі бойынша сегіз инвестор тарту. Аталған тізбеден сегіз басым бағыт айқындалып, олардың әрқайсысы бойынша әлеуетті инвесторларды нысаналы және дәл таргеттелген тәсілмен іздеуге арналған инвестициялық ұсыныстарды жан-жақты пысықтау және «қаптау» жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың маңызды бөлігін әртүрлі форматтағы инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу құрайды — форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар, вебинарлар және онлайн-алаңдар, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Премьер-Министр мен Премьер-Министрдің орынбасарының инвесторлармен Қазақстанда да, шетелде де өткізетін кездесулері. Қазіргі уақытта 2026 жылға арналған инвестициялық іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылып жатыр, оған кемінде он ірі бизнес-форум өткізу енгізілмек.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің «Жасанды интеллект және цифрлық егемендік: Қазақстандағы ұлттық технологиялық экожүйелерді дамыту» тақырыбындағы пленарлық отырысын өткізу жоспарлануда.

Дата публикации
13 марта 2020
Дата обновления
05 июня 2026
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
04 ноября 2022
2019 жылғы 9 ай бойынша тікелей инвестицияларды тарту қызметтің қорытындысы
Статистика
04 июня 2021
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ CRM жүйесі шеңберінде инвесторлардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы