Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық преференциялар

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген қызмет басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:

1) Инвестициялық жоба бойынша:

- кедендік баж салығынан босату;

- шикізат және (немесе) материалдар импорты үшін қосылған құн салығынан босату;

- мемлекеттік заттай грант.          

2) Инвестициялық басым жоба бойынша:

- кедендік баж салығынан босату;

- мемлекеттік заттай грант,

- салықтық преференциялар (кем дегенде 2 млн. АЕК инвестициялайтын кәсіпорындар үшін):

1) жаңа өндірістер құру бойынша (КТС - 10 жылға, жер салығы - 10 жылға, мүлік салығы - 8 жылға босату):

2) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды кеңейту және (немесе) жаңарту (КТС - кемінде 5 миллион АЕК инвестициялайтын кәсіпорындар үшін 3 жыл).

Инвестициялық преференцияларды берудің тәртібі мен шарттары Кодекстің 285 және 286-баптарында айқындалған.

         Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мүдделі болған жағдайда Кодекстің 292-бабында аталған құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жібереді.

Аңықтама ретінде

Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.

Инвестициялық басым жоба деп:

- жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

- жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.

Дата публикации
14 января 2020
Дата обновления
14 января 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
04 ноября 2022
2019 жылғы 9 ай бойынша тікелей инвестицияларды тарту қызметтің қорытындысы
Статистика
04 июня 2021
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ CRM жүйесі шеңберінде инвесторлардың пайдасына шешілген мәселелердің үлесі

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы