Мемлекет Басшысының инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды жүйелі негізде сүйемелдеу мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен, өңір әкімдерінің, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларының, сондай-ақ Бас прокуратураның қатысуымен Арнайы инвестициялық кеңес (АИК) механизмі жұмыс істейді.
АИК қызметі инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел қарауға, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге және инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүйелі шешімдер әзірлеуге бағытталған.
2025 жылы 2 отырыс өткізілді: 19 сәуірде және 30 қазанда.
2026 жылғы бірінші отырыс 28 қаңтарда өтті, онда инвестициялық саясат, инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдері, инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды сүйемелдеу мәселелері қаралды.
2026 жылғы 5 мамырда өткен кеңестің кезекті отырысы инвестициялық жобаларды іске асырудың проблемалық мәселелеріне және Бас прокуратураның оларды шешу жөніндегі ұсыныстарына, инвесторлармен өзара іс-қимылды жетілдіру шараларына, сондай-ақ сыртқы инвестициялық контурды нығайту мәселелеріне бағытталды.
АИК инвесторлардың проблемаларын жедел шешудегі және қолайлы инвестициялық орта қалыптастырудағы Үкіметтің негізгі үйлестіру механизмі болып табылады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жүйелі және көпдеңгейлі тәсілі қалыптасқан, бұл қолайлы және болжамды инвестициялық ахуал жасауға бағытталған. Қолданыстағы тәртіптің негізгі элементтерінің бірі Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб) қызметі болып табылады. Аталған тетік инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелерді Үкімет деңгейінде нақты шешімдер әзірлей отырып, жедел және белсенді қарауды қамтамасыз етеді.
2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 6 отырыс өткізілді, оның барысында жалпы сомасы 25,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 44 жаңа инвестициялық жоба қарастырылды.
Анықтама: 2025 жылы инвестициялық штабтың 23 отырысы өткізілді, онда 70 млрд АҚШ доллары сомасына 126 инвестициялық жоба қарастырылды.