Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30
желтоқсандағы № 1281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 31 желтоқсанда № 12780 болып тіркелді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабы 2-тармағына және
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10
1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 11.08.2022 № 11
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған
өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау
қағидалары
бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу
және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183
бұйрығының
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып
тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) "Егемен Қазақстан" газетінде
жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар
комитеті (Е.К. Хаиров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "
Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін
Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін
баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің
интернет-ресурсында
интранет-порталында орналастырылуын;
және мемлекеттік органдардың
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3)
тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды
қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады, бұл ретте
Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін
қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек