Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №
11-1-4/590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы
31 желтоқсанда № 26282 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының сәйкес 8-1-тармағына
: БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны
инвестициялық деп айқындау бекітілсін. қағидалары
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуі
қажет:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді